Астана қаласы әкімдігінің КММ
Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, 7
24 наурыз «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне» орайластырылған
«Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы аясында
мектепте өткізілген іс-шаралар
 
Ақпараттық блок

«Өзіңді туберкулезден қорға!»

Туберкулез – ежелден келе жатқан жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын тауып, оның жұқпалы ауру екенін дәлелдеген. XX ғасырға дейін туберкулёз емделмейтін болған.

Туберкулез әлемде көп таралған инфекциялардың бірі.  Туберкулез микробы микроскоппен қатты үлкейткенде кішкентай таяқша тәрізді көрінгендіктен, туберкулез таяқшасы деген атауға ие болған.

Туберкулез дегеніміз не?

Туберкулез – қабынбалы өкпе пен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы ауру. Туберкулез – тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа ағзалардың зақымдалуы. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.

Туберкулез қалай жұғады?

Туберкулез адамнан адамға ауа арқылы тарайды. Өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда ауаға туберкулез бактерияларын таратады. Адамға ауру жұғу үшін осындай бактерияның болар-болмас мөлшерімен дем алудың өзі жеткілікті. Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақытқа дейін сақталады, мысалы шаң басқан, көктеген ғимараттарда микробактериялар адам үшін қауіпті бола отырып, жылдар бойы тіршілік ете алады.

Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада 2-6 м дейін таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.

Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауыру малдың сүті немесе еті адам үшін ауыру жұқтырудың көзі болып табылады.

Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулёзі тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін.

Туберкулездің микобактериялары адам ағзасына түскенде, инфекция жұққанымен туберкулезге шалдықпауы да мүмкін. Өкпе туберкулезімен ауыру иммунитет түскенде, дұрыс тамақтанбағанда, санитарлық-гигиеналық талаптар қанағаттандырылмағанда орын алады. Көбінесе иммунитеті толық дамымаған балалар, жыныстық жетіліп жатқан жасөспірімдер мен иммунитеті әлсіреген қарт адамдар ауырады.

Туберкулезге шалдығуға ықпал ететін факторлар

  1. Дұрыс тамақтанбау.
  2. Туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу (нәрестелер үшін аздаған уақыттың өзі жеткілікті).
  3. Маскүнемдік.
  4. Шылымқорлық.
  5. Нашақорлық.
  6. Қосалқы аурулардың (қант диабеті, асқазан жарасы, созылмалы өкпе ауруы) болуы.

3 жастан 6 жастағы балалар мен олардың ата-аналары

А) «Туберкулез, балаларыңызды сақтандырыңыздар және қорғаңыздар!» тақырыбында мектепке дейінгі балалар мекемелерінде (бұдан әрі – МДБМ) туберкулездің алдын алу сұрақтары бойынша әлеуметтік нормаға әсер ету мақсатында БМСК, СӨСҚО мамандарының, тәрбиешілердің қатысуымен ата-аналарға арналған мамандар тобының (дәрігерлер, орта медицина қызметкерлері) ақпараттық сессиясы (шағын дәріс, консультация, сұхбат беру).

Ата-аналарға арналған шағын дәріс мазмұнының үлгісі

Туберкулез бұрын емделмейді деп есептелген және жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған өте қауіпті ауру болып табылады.

Қазіргі таңда міндетті вакцинопрофилактиканы енгізумен және туберкулезге қарсы тиімді химиялық дәрілердің болуына байланысты адамдар бұл ауруды бақылауда ұстай алатын болды. Дегенмен адамдар қазір де туберкулездің асқынуының салдарынан қаза табады, сондықтан да балалақы шақта да, ересек кезде де тубекрулездің алдын алуға қатысты мамандардың барлық ұсыныстарын сақтау маңызды.

Балалардағы туберкулездің алдын алу ауруды жұқтырудан сақтандыруға және асқынуының алдын алуға бағытталған.  Балалардың туберкулезбен ауыруының алдын алудың негізгі мақсаты — БЦЖ вакцинациясы мен химиопрофилактика.

Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес вакцинацияны перзентханада қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда балаға алғашқы (1-4) күндері жасайды. БЦЖ вакцинасы жеткілікті мөлшерде иммуноген болып табылатын әлсіретілген микробактериялар штаммы, дегенмен ден сау балаларға жұқпайды. Вакцинацияға тікелей және жанама қарсы көрсетілімдер бар. БЦЖ жасау алдында міндетті түрде педиатрдан кеңес алу қажет.

БЦЖ вакцинасы тері ішіне салынып, жалпы адам денсаулығына қауіпсіз жергілікті туберкулез үдерісін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде ағза туберкулездің микробактерияларына қарсы өзіндік иммунитет қалыптастырады. Екпелер балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдылықты төмендетуге ықпал етіп, туберкулездің жіті және жаппай жұғатын түрлерінен сақтандырады. Ол екпе егілген баланың микробактерияға кездескен жағдайда аурудың мүлде жұқпайтынын және инфекцияның жеңіл өтетінін білдіреді. Ата-аналар балаларына БЦЖ вакцинациясын жасатуға бас тартқан жағдайда туберкулезден ешкімнің, әсіресе баланың сақтандырылмағанын еске сақтау қажет. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көбінесе ересектерге қарағанда туберкулезді алғаш жұқтыра салып ауруға шалдығады.

Сондықтан да туберкулезге қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалардың ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту жасалады. Ересектерге  Манту сынамасы тек көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Манту сынамасы туберкулиннің аздаған мөлшерін терін астына енгізу арқылы салынған жерде пайда болған аллергиялық реакцияны әрі қарай бағалауға негізделген. Туберкулин тірі микробактериялардың өнімі болып табылады. Манту сынамасының зиянсыз екенін атап өту қажет. Туберкулинде тірі микроағзалар жоқ және салынатын мөлшерде ағзаның иммундық жүйсіне де, толықтай ағзаға да әсер етпейді. Теріге дәрі енгізгеннен кейін жасушалы иммунитетке жауап беретін терінің Т-лимфоциттері – қан жасушаларының жиналуынан туатын өзіндік қабыну пайда болады. Егер ағза сынама жасағанға дейін туберкулез микробактериясымен «таныс» болса, ине салынған орындағыф қабынудың көрінісі қарқындырақ болып, Манту реакциясын дәрігер дұрыс деп белгілейді. Дегенмен мұндай оң реакция инфекциялық аллергияның, сонымен қатар вакцинадан кейінгі көрініс болуы да мүмкін. БЦЖ вакцинациясынан кейін 5-7 жыл ішінде Манту реакциясы оң болуы қалыпты жағдай, ол вакцинадан кейінгі иммунитеттің болуын білдіреді. Екпеден кейінгі мерзімді арттыру бойынша туберкулинге сезімталдықты мүлдем жойылғанша төмендету байқалады. Дәрігердің инфекцияның алғашқы жұғуын вакцинадан кейінгі аллергиядан айыра алатындай қатаң критерийлер бар. Баланың микробактерияны жұқтыруына күдік туған жағдайда қосымша тексеру жүргізілетін туберкулез диспансеріне жібереді және ауру жұққан жағдайда профилактикалық ем жүргізіледі. Микробактериялардың жұғуы барлық жағдайда туберкулезбен ауыру дене ұғымды білдірмейді. Әрбір адам есейгенше микробактерия жұқтырған және оған қарсы иммунитеті де бар, дегенмен туберкулезбен біраз ғана адам ауырған. Жақсы иммунитет инфекцияны шектеуге мүмкіндік береді және ауруға шалдығуға жол бермейді. Керісінше, ағза әлсіз, қауіпті аурумен ауырған, иммунитет нашар болған жағдайда микробактериялар жұқса, адам туберкулезге шалдығады.

Балаларды тәрбиелеудегі басты қағида оларды жақсыға әдеттендіру. Балаларда жағымды гигиеналық әдеттер мен мінез-құлыққа дағдыландыру, сондай-ақ жекелеген іс-қимылдарды дұрыс орындауға үйрету маңызды рөл атқарады.

Екі жасқа келгенде баланы тазалыққа тәрбиелеу қиындай түседі. Баланы мұрнын сүртуін сұрауға үйретеді, белсенділікке себеп болады. 3 жаста балалар бет орамал, майлықты өздері қолданып, тамақ ішер алдында қолдарын жууды бастайды.

Балалар мектепке дейінгі жаста бірқатар тазалық талаптарын өздігінен орындауға үйренулері қажет: тамақ ішер алдында және кез келген лас нәрсені ұстаған жағдайда қолдарын жуу; бетін, құлақтарын жуу, ауызын шаю, бет орамалды қолдану; дәретхананы мұқият пайдаланып, одан кейін міндетті түрде қолдарын жуу және т.б. Балаларға мектепке дейін қарапайым түрде тазалықтың денсаулықты сақтауға көмектесетіні, лас нәрсені ұстағаннан ауырып қалуға, ауру адамнан ауру жұқтыруға болатыны туралы ақпарат беріледі.

Егер жоғарыда аталған ұсыныстардың барлығы мектепке дейін үйретілсе, онда ата-аналардың балаларды мектеп жасында тазалыққа тәрбиелеуі оңай болады: тек түсініктерін одан әрі нығайтып, мектепке барумен байланысты жаңа әдеттер мен дағдыларға тәрбиелеу ғана қалады. Жоғарыда аталған тазалық дағдыларына: күнде таңертең жаттығу жасау, денені сумен сүрту жатады; оқушы міндетті түрде моншада немесе сабынды ыстық сумен аптасына кемінде бір рет ваннаға түсуі; аяқ-қолының тырнақтарын қысқа етіп алуы; сабақ оқу мен демалу тәртібін сақтауы, күнде кемінде 2 сағат таза ауада серуендеуге, терезені немесе желдеткішті ашып (егер суық болмаса) ұйықтауы; сабақ кезінде партада тік отыруы, сонымен қатар  жүргенде тік жүруі; ғимаратта, аулада және көшеде тазалықты сақтауы (қоқыс тастамауы, қағаз тастамауы, өзі жүрген жерін жинап жүруі); тамақты асқыпай ішуі қажет. Иммунитетті қалыптастыруда дұрыс тамақтанудың маңызды рөлі бар. Тамақ барлық қажетті заттардан тұруы қажет: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттар. Ақуыздар ағзадағы жасушалардың құрылуына, балалардың ағзасының өсуі мен дамуына қажетті. Ақуызға бай азық-түліктер өсімдік және жануар текті болады. Өсімдік текті азық-түліктер — бұршақтар (бұршақ, бадана, соя, жасымық). Жануар текті азық-түліктер — жұмыртқа, ет, балық, сүт. Майлар күшті қуат көзі ретінде қажет және майлы тіндер ретінде жиналады. Пайдалы майлар жылқының, тауықтың етінде және балықта, сонымен қатар сары май мен өсімдік майында, жаңғақтарда, сүт өнімдерінде болады. Құрамында көмірсулары бар азық-түліктер — нан, картоп, жармалар, банан, қант, бал және т.б. Сондай-ақ балаларға фаст-фудтың зияны туралы ақпарат беру қажет.

Кері байланыс, сұрақтар мен жауаптар.

Ә) мұғалімдердің қатысуымен ДДУ-да «Денсаулық достары» тақырыбында балаларға арналған әңгіме.

Қаланың шетіндегі бір аулада Қайсар есімді бір бала тұрды. Оның ең жақсы досы бар - Микроб. Достар күні бойы бөлмеде теледидар алдында отырды.

- Біз серуенге барамыз ба? - деп сұрады бала.

- Жоқ, - деп жауап берді Микроб, - сен ауырып қалғың келеді?

- Жоқ, әрине. Онда жаттығулар жасаймыз ба?

- Ия, одан басқа! Қол-аяқтарымыз ауырады. Одан да мультфильмдер көрейік.
Осылай күндер мен апталар өтті. Бала жиі ауырып, тұнжырап, көңілі түсіп жүрді. Оны бәрі Әлсіз деп атай бастады.

Бірде Әлсіз терезенің жанында аулаға қарап отырды. Аулада көрші тұратын бала ойнап жүрді. Оны бәрі Күшті деп  атады. Өйткені, Күшті сау, ақылды және әрдайым көңіл-күйі көтеріңкі бала. Күшті терезеден қарап отырған Әлсізді көріп:

- Сәлем, Әлсіз. Менімен бірге ойнауға шықсайшы – деп шақырды.

- Жоқ, мен бара алмаймын. Ауырып қалдым…

- Ал, мен  ешқашан ауырмаймын!

- Сен қалай ауырмайсың?

- Маған менің достарым көмектеседі. Егер қаласаң, мен сендерді таныстырамын.
- Ия, әрине! – деп, Әлсіз аулаға жүгірді.

Микроб Әлсіздің қолын ұстап алып: - Жібермеймін! - деді ол, - мен бір минутқа ғана шығамын! - деп Әлсіз және бөлмеден шығып кетті.
- Ал, сенің достарың қайда? - деп сұрады Әлсіз Күштінің қасына келіп - Олар саған қалай көмектеседі?

  • Олар мұнда!

Шынымен, онымен бірге үш таныс емес адам тұрды.

- Сәлем Әлсіз! Мен Күн.

Ашық аспанда, мен шаммын

Барлығына жылу беремін.

Вирустарға қасақан,

Барлық ауруларды емдеймін!

- Мен суық Сумын.

Сізге денсаулық тілеймін.

Мен Сізге зиян келтірмеймін

Мен денеңді қатайтамын.

- Мен сенің жақсы досыңмын,

Балалар жиі серуендеңдер!

Өйткені, ауа шынықтырады,

Серуендеп, мұрынмен тыныс алыңдар!

- Менің досым Микроб маған керісінше айтты. Яғни, ол мені алдады, - деп таңқалды Әлсіз, - Мен сіздермен дос болғым келеді. Микробпен мен бұдан былай дос болмаймын.

Әлсіз бен Күшті дос болып, серуендеп, жаттығулар жасап, салқын сумен жууынды. Көп ұзамай, Әлсіз ауырмайтын, күшті және көңілді болды. Оны Әлсіз деп емес, Шымыр деп атай бастады. Олар микробты қуып жіберді.
Балалар, кіммен дос болған дұрыс деп ойлайсыңдар?

7 жастан 10 жастағы балалар нысаналы тобы

А) «Туберкулездің алдын алу», «Шылымқорлықтың алдын алу», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу», «Дене белсенділігін насихаттау» тақырыптарында жалпы білім беру мекемелерінде ата-аналарға жиналыс ұйымдастыру және өткізу.

Туберкулездің алдын алу жөнінде ата-аналар нені білу қажет

Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы вакцинация болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау балаға  перзентханада 1-4 күн ішінде жасалады және аталған кезеңде баланы қорғау өте маңызды.

Әлемнің ғалымдарының жұмыстары БЦЖ вакцинациясының вакцинация жасалмағандармен салыстырғанда туберкулезбен ауырушаңдылық  5-10 есеге азайғанын дәлелдеген. Вакцинация туберкулез менингиті, іртікті пневмония секілді туберкулездің қауіпті, асқынған түрлерінен сақтануға мүмкіндік береді.

Екпе ерте жасалған балалар бірнеше жыл бұрын қорғанысқа ие болады. Иммунитет 6-7 жылдан кейін ғана әлсірейді. Дәл осы жаста балалардың бір бөлігіне туберкулезге қарсы екінші рет вакцинация жасалады. Неге бәріне жасалмайды? Себебі мектеп жасында балаларымызды жартысы туберкулез қоздырғышын кездестіріп үлгеретіндіктен, ауру жұғып, кей жағдайда туберкулезбен ауыруға да ұшырайды. ТМБ (туберкулез микобактериясын) жұқтырған балаларға туберкулезге қарсы екпе жасалмайды.

 Ата-аналар көп жағдайда: «Менің балам туберкулез таяқшаларын қайдан кездестіруі мүмкін?» - деп сұрайды.

Жауап: туберкулез инфекциясының ең басты жұғатын жолы – ауа тамшылары. Туберкулезбен ауыратын науқастар жеткілікті. Олардың ішінде «ашық» түрімен ауыратын, яғни қоршаған ортаға сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде қоздырғыштар бөлетін науқастар өте қауіпті. Осындай бір науқас жылына орта есеппен 15 адамға ауру жұқтыруы мүмкін.

«Баланы туберкулезден қорғау үшін не істеу қажет»

Туберкулездің алдын алуда толыққанды тамақтанудың, яғни ақуызға, май мен көмірсуларға бай азық-түліктерді тұтынудың маңызы зор. Сонымен қатар спортпен айналысу, таза ауада жүру, шынықтыратын шаралар жасау қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, санитарлық-гигиеналық шараларды қатаң сақтау маңызды: тамақ ішер алдын да қолды жуу, жуылмаған көкөністер мен жемістерді, сонымен қатар санитарлық бақылаудан өтпеген сүт өнімдерін тұтынбау.

Егер бала ЖРВИ-мен жиі ауырса, сақтануға себеп бола ма? Туберкулезбен қант диабеті, ойық жара ауыруы секілді созылмалы аурулары бар, сонымен қатар гормондық дәрілерді ұзақ қабылдаған балалардың ауыру мүмкіндігі жоғары. Иммунитетті күшейту қажет. Егер иммунитеті әлсіз бала туберкулезбен ауыратын науқаспен байланысқа түссе, ауруды жұқтыруы мүмкін. Иммунитеті қалыпты балалар үшін мұндай байланыс қауіпті болып саналмайды. Үнемі баланың қасында болатын барлық ересектер — апасы, атасы, басқа туысқандары  үнемі флюорографиядан өтір тұрулары қажет.